Алты жасқа толған кезімде менің әкем қатты науқастанып, көп ұзамай қайтыс болды. Сол күн әлі есімде, үйге көп адамдар келіп, ары-бері кіріп шығып жүрген. Сол адамдардың бәрі менің әкеммен қоштасуға келгендігін мен кейіннен білдім. Әлі бала болғандықтан еш нәрсені аңғармай далада ойнап жүрген едім, кенеттен мені анам шақырып алып, үйге жүре ғой, сені әкең шақырып жатыр деді. ....
Мен қарапайым малшының отбасында өмірге келдім. Көп баланың ортаншысы және егіздің сыңарымын. Өз бетімше өмір сүрсем деген ниетпен он алты жасымда ауылдан қалаға қашып кеттім. Осылайша ата-анамның қамқорлығынан біржола қол үздім. Оқуымды қала жағалап жүріп, кәсіптік-техникалық училищеде жалғастырып, содан кейін әскер қатарына алындым. Еркіндікке әбден дәніккендігім соншалықты,...
Менің есімім Сара. Киер киім, ішер тамақ дегенді ойламай, кең пейілді үлкен отбасында өстім. Біздер үшін еңбекпен келгенді ұқыпты ұстап, бір-бірімізбен тату болу сүйекке біткен қасиеттей көрінетін. Бірінші немере болғандықтан ба, әлде қазақ халқының салт- дәстүрі солай ма, атам мен апамның қолында тұрдым. Көпке дейін әкем мен шешемді мойындамадым. Жиі аурып, талып қала беретіндіктен, атам мен апам мені еркін ұстайтын....
Менің есімім – Шыңғыс. Өз өмірімде болған ең маңызды оқиға жайында сіздермен бөліскім келеді. Мен 1981 жылы Өзбекстанда дүниеге келдім. Біздің отбасымыз үлкен еді, үйдегілердің ең кенжесі болдым. Кенже болғандықтан өте ерке болып өстім, қазір есіме алсам, бала кезімде еш қиындық көрмеппін. Себебі әкем – үлкен қызметкер, анам мектепте мұғалім болды. Әрқашан, «егер мен өлсем, онда жұмаққа барамын» деп ойлайтынмын,
Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы сіздерге жауа берсін, бауырластар! Мен өмірімде көрінген Тәңірдің рақымы туралы сіздермен бөліскім келеді. Менің есімім - Жарқынай. 1964 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келдім. Отбасымызда сегіз ағайынды болдық. Әке-шешем қарапайым жұмысшы болып қызмет атқарды. Басқа көптеген замандастарым тәрізді менің де жастық шағымның өзіне тән жақсы жақтары,